Алексей Цой халықты сақтық шараларын ұстануға шақырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды карантин алынып тасталғаннан кейін де сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Шектеу шаралары алынып тасталған кезде, КВИ өздігінен жойылып кетпегенін түсінуіміз керек, бұл өте маңызды жайт. Өмір жалғасуда, бірақ ғалымдар вакцина ойлап тапқанға дейін COVID-19 бізбен бірге өмір сүруін жалғастыра береді», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министр вирустың барлық жағдайларға бейімделе алатындығын атап өтті.

«Егер инфекция болса, эпидемиологиялық маусымның күшеюі де дәл солай. Бұл норма болуы керек: маска кию, қашықтықты сақтау. Бұл біздің әдеттегі өміріміз болуы керек, біз аурудың шыңына жетпейінше, COVID-19 жеңе алмаймыз. Біз денсаулық сақтау жүйесіне барлық талаптарды орындап  спортпен шұғылданып, денемізді жақсы ұстай отырып көмектесуіміз керек. Егер біз осылай жасасақ, біз инфекцияны жеңіп, осы кезеңнен аман өтеміз деп ойлаймын», — деп түйіндеді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ