ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев “SHANYRAQ” Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы аналармен және мұқтаж отбасыларымен кездесті, – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде бірқатар әлеуметтік мәселелер талқыланды. Көпбалалы аналарды толғандырған негізгі мәселенің бірі – атаулы әлеуметтік көмек алу және құжат өткізу болды. Онлайн құжат тапсыру аналар үшін қиындық тудырып отырғаны айтылды.

Мұнан бөлек, кездесуде 3 балалы отбасыларға да мемлекеттік бағдарламалармен үй кезегіне тұруға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстар айтылды.

Жалпы кездесуде Орталық мамандары мен әкімдік қызметкерлері түйткілді мәселесі бар отбасылардың қиындығын шешуде кеңесіп, игі іске бірге жұмылуға уәделесті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ