Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі көбейді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 925 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.

“Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 27 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 925 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 628-ге жетті”, – делінген хабарда.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында – 1531,
  •  Алматы қаласында – 1250,
  •  Шымкент қаласында – 421,
  •  Ақмола облысында – 210,
  •  Ақтөбе облысында – 191,
  •  Алматы облысында – 220,
  •  Атырау облысында – 430,
  •  Шығыс Қазақстан облысында – 312,
  •  Жамбыл облысында – 137,
  •  Батыс Қазақстан облысында – 197,
  •  Қарағанды облысында – 920,
  •  Қостанай облысында – 213,
  •  Қызылорда облысында – 150,
  •  Маңғыстау облысында – 267,
  •  Павлодар облысында – 225,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында – 134,
  •  Түркістан облысында – 117.

Айта кетейік, 26 шілдедегі жағдай бойынша ауру жұқтырудың 6 797 жағдайы тіркелген еді.

Сонымен қатар, Қазақстанда 5 096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны хабарланды:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1331,
  • Алматы қаласында – 1369,
  • Шымкент қаласында – 377,
  • Ақмола облысында – 148,
  • Ақтөбе облысында – 175,
  • Алматы облысында – 33,
  • Атырау облысында – 276,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 0,
  • Жамбыл облысында – 66,
  • Батыс Қазақстан облысында – 242,
  • Қарағанды облысында – 306,
  • Қостанай облысында – 211,
  • Қызылорда облысында – 152,
  • Маңғыстау облысында – 154,
  • Павлодар облысында – 64,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 136,
  • Түркістан облысында – 56.

Елімізде барлығы 457 098 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК вакцинация бойынша да есеп ұсынды: 2021 жылғы 27 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 230 750 адам, 2-компонентін 3 436 617 адам салдырды.

kaz.tengrinews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ