DAZN Геннадий Головкиннің басты бес жетістігін атады

DAZN платформасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толуымен құттықтап, оның спорт мансабындағы ең үздік жетістіктерін еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

DAZN Головкиннің басты жетістіктеріне мыналарды жатқызады: – Олимпиаданың күміс медалі – 2008-2017 жылдар аралығында 23 нокаут топтамасы – орта салмақтағы бұрынғы чемпиондық атақ – титулды 20 рет табысты қорғап шығуы – орта салмақ тарихында нокауттардың ең жоғары пайызы (89,5%). Еске сала кетсек, қазіргі кезде Головкин – IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ IBO нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион. Биылғы қыркүйек айында Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтіліп отыр. Париматч букмекерлік кеңсесінің бұл айқасқа қатысты болжамы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.4, тең ойын – 19. Айта кетейік, екеуінің арасындағы бірінші жекпе-жек – тең, ал екіншісі – төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ