«ҮЕҰ дерекқорына ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу» семинар – тренингі

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының ұйымдастырған ҮЕҰ қызметі мен белсенділігін арттыру мақсатында «ҮЕҰ дерекқорына, ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу» тақырыбында семинар – тренинг өтті. Семинарға Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай, Шардара аудандарының ҮЕҰ жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға ҮЕҰ дерек қорына ұйымдардың қызметі жайлы мәлімет енгізу бойынша ақпарат беріліп, басқа да өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ