“ҮЕҰ дерекқорына ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу” тақырыбында семинар – тренинг

Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданында “ҮЕҰ дерекқорына ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу” тақырыбында семинар – тренинг ұйымдастырылды.  Семинар – тренингтің мақсаты аудан, қаладағы ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру, жұмыстарын жандандыру болып табылады.  Семинар – тренингке  «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ төрағасы Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандырының үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, өкілдері қатысты. «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Абай Андабаевтың жетекшілігімен «ҮЕҰ дерекқорына, ұйымның қызметі жайлы ақпарат енгізу» тақырыбында семинар өтті,  семинарға қатысушыларға дерекқорға мәлімет тапсыру тәртібі туралы ақпараттарды жеткізді. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, осы бағыттағы толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ