Германия, Ресей дәрігерлері Шымкентке келеді

8 сәуір күні №1 қалалық клиникалық аурухана базасында «Эндопротездеу және остеосинтездің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара аясында Германия, Ресейден келген дәрігерлер мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады.

Ынтымақтастық туралы келісім аясында жергілікті дәрігерлер шет елдік мамандармен бірігіп күрделі оталар жасайтын болады. Сондай-ақ аталған мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарлануда.

№1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Домбай мұндай шетелдік тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен бірге Шымкентте медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді дейді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ