Қиын өмірлік жағдайлардағы медиация қызметі

Әл-Фараби аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және “Оңтүстік жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Қиын өмірлік жағдайлардағы медиация қызметі” жобасы аясында семинар – тренинг өтті.

Медиация қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің толыққанды дамуы және әлеуметтенуі үшін, сонымен қатар заңға қайшы іс- әрекеттерді қоса алғандағы өмірлік қиын жағдайларда аман – сау, адамгершілікті және қауіпсіз кеңістік қалыптастыру болып табылады.

Іс- шараға “Республикалық медиаторлар қауымдастығы” ЗТҚ президенті “HALYQ MEDIATORY” газеті мен сайтының директоры Нурбала Оразкулова, ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сарапшысы және мүшесі Айжан Мукатаева және пробация есебінде тұрған жастар қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ