Көбейтұз көлі қорғауға алынады

Экология министрлігі Көбейтұз көлін қорғайтын арнайы бақылау тобы құрылғанын айтты. Топтың құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері, еріктілер және құқық қорғау ұйымдарының қызметкерлері кіреді. Енді көлден шелекпен тұз тасығандарды полицияға тапсырып, заң бойынша жазалайды.

«Кейбір отандастарымыздың көлге деген жабайы қарым-қатынасы және ойланбай жасаған іс-әрекеттері Көбейтұздың жоғалып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Көл теңіз деңгейінен 253 метр қашықтықта орналасқан. Аумағы 690 гектар, тереңдігі 1,5 метр», — деп жазды министрлік.

Сондай-ақ, олар қазақстандықтардан табиғатқа қамқор болып, сақтауды сұрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ