НАУРЫЗ МӨЛТЕК АУДАНЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

Әл-Фараби ауданына қарасты Наурыз мөлтек ауданында халық көптен күткен кәріз құбырлары тартылуда, – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері қазылып, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады.

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оған жауапты мердігер мекеме «ГХ Шымкент газ» ЖШС-гі болып табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ