Ө.ШӨКЕЕВ: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЙМЫЗ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады. Биыл егіс көлемін 843,4 мың гектарға орналастыру межеленіп отыр. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 5,3 мың гектарға артып, 125,5 мың гектарға жетті, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Майлы дақылдар 9,2 мың гектарға артып, 92,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 2,9 мың гектарға артып, 215,6 мың гектарға орналастырылады.
«Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар. Биылғы жылдың өнімі үшін егілген 177,6 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары басталды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар 21,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникаларының 92%-ы дайын. Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің
(506,0 мың га.) 59,3 мың гектары егілді немесе 12%-ға орындалды. Агроқұрылымдар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан несиелендіруге 4,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 3 млрд. теңгесіне өтінім түсіп, мақұлданды. Бұдан бөлек, өсімдік шаруашылығын қолдауға 7,4 млрд. теңге бағытталып отыр. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңдай жоба жүзеге асырылып, 262 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша 18,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Осы жобаның тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2 760 жобаны жүзеге асыру басталды.
«Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 1 млн. теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 300 жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Облыста жылыжайлар көлемін 1 400 гектарға ұлғайту көзделуде»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Сонымен қатар, Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы кеңінен дамып, көлемі 3 мың гектардан асты. Бір мың гектардан асатын алқапқа қосымша отырғызылмақ. Су үнемдеу технологиялары 24,1 мың гектарға ендіріліп, 10,2 мың гектарға ендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру» жобасы аясында 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделіп отыр. Қазіргі таңда азық – түлік белдеуінде 1,6 мың гектарға
33 жаңбырлатып суғару машиналары орнатылып екі өнім алынуда. Тәжірибе технологияның тиімділігін көрсетті. Дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге артты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ