ШЫМКЕНТТІҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз. Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда.

Осы орайда инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ